Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына арналып салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қатысуымен танымды дәріс өткізілді. Дәрістің тақырыптары – «Ауыз қуысының саулығы. Тісті күту ережелері. Туберкулездің алдын алу» – қазіргі таңда аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мамандар оқушыларға ауыз қуысының гигиенасын сақтау, тісті дұрыс тазалау әдістері және салауатты өмір салтының маңызы туралы түсінікті әрі қызықты форматта ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, туберкулез ауруының алдын алу жолдары туралы да кеңінен мәлімет берілді.