D және E санатындағы азаматтар – уақытша жұмыссыз немесе қиын өмірлік жағдайдағы адамдар. Бұл санаттағы азаматтар жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен қамту басқармасына жүгіне алады. Жарналарды жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) төлейді.
D және E санатына кімдер жатады:
Бұл – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар.
— Тұрақты жұмысы жоқ;
— соңғы үш айда зейнетақы жарналары төленбеген адамдар.
Жеңілдігі жоқ еңбекке қабілетті азаматтар өз жарналарын өздері төлеуі керек (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар). Стандартты төлем – айына 4250 теңге (жылына 51 000 теңге).



