Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні — 10 қыркүйек

Әлем бойынша жыл сайын 10 қыркүйекте Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты — қоғам назарын суицид мәселесіне аудару, психикалық денсаулықтың маңыздылығын арттыру және өмірді бағалауға үндеу.

Суицид – бұл жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығына әсер ететін күрделі әлеуметтік және медициналық мәселе. Көп жағдайда суицидке бейім жандар жан сырын айта алмай, ішкі күйзелістен жалғыз қиналады. Олардың көбісі көмек сұрағысы келеді, бірақ қайда, кімге жүгінерін білмейді.

Мұндай жағдайда ең бастысы — жақындарына қолдау көрсету, тыңдай білу, түсіністік таныту және кәсіби психологиялық көмекке жүгінуге ынталандыру.

Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз психологиялық қиындықтардан өтіп жатса — жалғыз емес екеніңізді ұмытпаңыз!
Көмек сұраудан ешқашан ұялмаңыз. Қазіргі таңда қолжетімді психологиялық қолдау қызметтері бар.

Қажет болса, емханаңызға немесе психологиялық көмек қызметтеріне хабарласыңыз.
Өмір – ең басты құндылық. Оны бірге қорғайық.