Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні

Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні жыл сайын қыркүйек айының екінші сенбісінде аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — адамдардың алғашқы көмек көрсетуге дайындығын арттыру, өмірді құтқарудағы маңызды дағдыларға үйрету және шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет етуге баулу.

Алғашқы медициналық көмек дегеніміз не?

Алғашқы медициналық көмек — бұл күтпеген жағдайда (жарақат, қан кету, есінен тану, жүрек тоқтауы және т.б.) кәсіби медициналық көмек келгенге дейін көрсетілетін жедел, қарапайым шаралар жиынтығы.

Дұрыс және уақтылы көрсетілген алғашқы көмек:

  • Адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі

  • Аурудың немесе жарақаттың асқынуын болдырмайды

  • Құтқарушылар келгенше науқастың жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді

Неге бұл күн маңызды?

  • Жол-көлік оқиғалары, өндірістік жарақаттар, тұрмыстық жазатайым жағдайлар кез келген уақытта орын алуы мүмкін.

  • Алғашқы көмек көрсету — тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, кез келген адамның міндеті мен азаматтық жауапкершілігі болуы тиіс.

  • Халықтың бұл саладағы сауатын арттыру — жалпыұлттық қауіпсіздікті күшейтудің бір жолы.

✅ Әр адам білуі тиіс негізгі дағдылар:

  • Жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау (СЛР)

  • Қан кетуді тоқтату

  • Есінен танған адамға көмек көрсету

  • Жарақатты өңдеу және таңу

  • Шок кезінде әрекет ету

Қауіп күтпеген жерден келеді. Білімі бар адам — өмір құтқара алады!