Қазіргі цифрлық дәуірде киберқылмыс қауіпі күннен-күнге артып келеді. Осыған орай, Байқоңыр ауданы полиция басқармасының Киберқылмысқа қарсы бөлімінің қызметкері біздің емханамызда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қызметкер киберқылмыстың түрлері, интернеттегі қауіпсіздік ережелері және олардан қалай қорғану керектігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін арттырып, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шарада қатысушыларға жеке мәліметтерді қорғау, фишинг шабуылдарына қарсы тұру, қауіпсіз интернет пайдаланудың негізгі ережелері түсіндірілді.