Болашақ аналарға арналған ана сүтімен қоректендіру бойынша тренинг

Біздің емханамызда ұйымдастырылған «Босануға дайындық» денсаулық мектебінде ана сүтімен қоректендіру тақырыбына арналған тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушыларға ана сүтімен қоректендірудің бала мен ана денсаулығы үшін маңызы туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ практикалық ұсыныстар ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Босануға дайындық» денсаулық мектебінің сабақтары емханамызда әр сейсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Болашақ аналар жүкті болу, босану және жаңа туған нәрестеге күтім жасау туралы маңызды білім әрі тәжірибелі мамандардан кеңестер алады.

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!