БЦЖ вакцинасы мен сүт безі обырының алдын алу туралы маңызды ақпарат берілді

Біздің емханада жүкті әйелдерді ақпараттандыру мақсатында фтизиатр дәрігер Мардаков А.А. және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ерсайын А.Е. қатысуымен танымдық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында мамандар туберкулездің алдын алу, БЦЖ вакцинасының маңызы, сондай-ақ сүт безі обырының алдын алу тақырыптарында жан-жақты ақпарат берді.

Фтизиатр дәрігер Мардаков А.А. қатысушыларға туберкулездің таралу жолдары, оның жүкті әйелдер мен нәрестелерге әсері, әрі аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Өз кезегінде дәрігер Ерсайын А.Е. әйелдердің денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және сүт безі обырының алдын алу жолдары жайында кеңес беріп, ерте диагностиканың маңыздылығына тоқталды.