Балалық шақтан бастап денсаулықты сақтау және инсульттің алдын алу

Бүгін №5 гимназияда оқушыларға арналған маңызды дәріс өтті. Дәрісті салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері және «Сенім» жастар денсаулық орталығының акушер-гинекологы өткізді. Дәріс барысында “Балалық шақтан бастап денсаулықты сақтау және инсульттің алдын алу” және “Репродуктивті денсаулық” мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шара барысында оқушылар инсульттің алдын алу жолдары, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділіктің маңызы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулықтың сақталуы, жасөспірімдерге арналған пайдалы әдеттер мен профилактикалық шаралар қарастырылды.