№8 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған «Бала денсаулығы – ата-ана мен қоғам жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша хабардар ету.
Дәріс барысында мамандар балалардың дұрыс тамақтануы, жеке гигиена, психологиялық жай-күйі және қоршаған ортаның денсаулыққа әсері туралы кеңінен айтты. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың иммунитетін нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу жолдары түсіндірілді.




