Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау – тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап алуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осы аптада №8 қалалық емханада емхана директорының кезекті қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар алғашқы медициналық көмектің сапасы, дәрігерге жазылу процесі, зертханалық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сауалдар қойды. Әрбір сұрақ мұқият тыңдалып, нақты жауаптар мен түсініктемелер ұсынылды.

Қабылдау күндері:
Сейсенбі сайын, сағат 16:00–18:00 аралығында

Қабылдауға жазылу үшін:
8 (7172) 95-57-69