№55 орта мектепте ата-аналарға арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның маңыздылығы және Жастар денсаулық орталығының қызметтері туралы кең көлемде мәлімет берілді.
Мамандар АПВ-ның алдын алуда вакцинацияның тиімділігі, оның қауіпсіздігі, көрсетілімдері мен жүргізілу тәртібі туралы түсіндіріп, ата-аналардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдер мен жастарға көрсетілетін тегін медициналық, психологиялық және кеңес беру қызметтері таныстырылды.




