Ата-аналарға арналған ақпараттық дәріс өтті

24 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің №55 жалпы білім беретін орта мектебінде ата-аналарға арналған ақпараттық дәріс өткізілді.

Іс-шараны емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ерсайын А.Е. және «Сенім» жастар денсаулық орталығының үйлестірушісі Сағиева И.К. жүргізді.

Дәріс барысында келесі тақырыптар қозғалды:
адам папиллома вирусы (АПВ) және оған қарсы вакцинацияның маңызы;
жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау жолдары.

Мамандар ата-аналарға ғылыми негізделген түсініктемелер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара ақпарат алмасуға және ата-аналардың денсаулық тақырыбындағы сауатын арттыруға бағытталды.