Астана күнімен құттықтаймыз!

№8 қалалық емхана ұжымы елорда тұрғындарын осы ерекше күнмен шын жүректен құттықтайды.

Астана — баршамыз үшін үлкен үміт пен даму нышаны.
Біздің міндетіміз — осы қала тұрғындарының саулығын сақтау, сапалы медициналық көмек көрсету.

Баршаңызға денсаулық, тыныштық және жарқын болашақ тілейміз.