Қарттар күніне орай тұмаудың алдын алу бойынша дәріс өтті

Қарттар күніне орай Байқоңыр ауданының «Белсенді ұзақ өмір» орталығында емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері «Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.

Кездесу барысында дәрігер егде жастағы азаматтарға маусымдық инфекциялардың қаупі, олардың асқыну ықтималдығы және алдын алу жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.

Дәрісте қамтылған негізгі тақырыптар:

  • тұмау мен ЖРВИ-дің алғашқы белгілері;
  • аурудың таралу жолдары;
  • жеке гигиена мен дұрыс күтімнің рөлі;
  • маусымдық екпенің маңызы.

Қатысушылар дәрігерге өз сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы кеңестер алды.