Қарттар арасында ұйқының бұзылуының алдын алу және психологиялық қолдау

Қарттар денсаулық мектебінде «Қарттар арасында ұйқының бұзылуының алдын алу және психоэмоционалдық жағдайды жақсарту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны емханамыздың СӨС дәрігері Ж. Нұрахметова және психолог И. Сағиева жүргізді.

Семинардың мақсаты – қарттар арасында ұйқының сапасын арттыру, оның бұзылуының алдын алу, сондай-ақ психоэмоционалдық тұрақтылықты сақтау үшін пайдалы кеңестер мен практикалық әдістер ұсыну болды. Ұйқының бұзылуы қазіргі қоғамдағы қарттар арасында жиі кездесетін мәселе болып табылады, ал бұл өз кезегінде денсаулыққа және жалпы өмір сапасына теріс әсер етуі мүмкін.