ҚАНТ ДИАБЕТІ

Қант диабеті — қандағы қант (глюкоза) деңгейі тым жоғары болатын созылмалы ауру. Бұл инсулин гормонының жетіспеушілігінен немесе ағза жасушаларының инсулинге сезімталдығының төмендеуі нәтижесінде болады.

Қант диабетінің екі негізгі түрі бар:

  • Қант диабеті 1 типі — әдетте балалар мен жасөспірімдерде дамиды. Бұл аутоиммунды ауру, онда ұйқы безінің инсулин өндіретін жасушалары зақымданады немесе жойылады.
  • Қант диабеті 2 типі — ересектерде жиі кездеседі, бірақ соңғы жылдары жастар арасында да кездесіп жатыр. Бұл жағдайда ағза инсулинді дұрыс пайдалана алмайды (инсулинге төзімділік).

Қант диабетінің белгілері

Қант диабетінің кейбір жалпы белгілері:

  • Көп шөлдеу
  • Жиі зәр шығару
  • Әлсіздік
  • Жаралардың баяу жазылуы
  • Салмақтың азаюы (Қант диабеті 1 типінде)

Егер сізде немесе жақындарыңызда осы белгілер байқалса, дәрігерге қаралу маңызды.

Диагностика

Қант диабетін диагностикалау үшін қандағы қант деңгейі тексеріледі. Дәл диагностика үшін соңғы 2-3 айдағы орташа қан қант деңгейін көрсететін гликозилированный гемоглобин (HbA1c) тесті де жасалуы мүмкін.

Емдеу

Қант диабетінің негізгі емі — қандағы қант деңгейін қалыпты жағдайда ұстау. Ол үшін:

  • Диета — көмірсуларды бақылау, қантты көп тұтынатын өнімдерден аулақ болу.
  • Физикалық белсенділік — тұрақты физикалық жаттығулар қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі.
  • Медикаментозды емдеу — 1 типті диабетте инсулин инъекциялары қажет. 2 типті диабетте таблеткалар немесе инсулин тағайындалуы мүмкін.
  • Қант деңгейін бақылау — қандағы глюкоза деңгейін үнемі тексеру емнің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Профилактика және өмір салты

2 типті қант диабетінің алдын алу үшін ұсынылады:

  • Денсаулықты сақтау және артық салмақтан аулақ болу
  • Аптасына 150 минуттан кем емес физикалық белсенділік
  • Дұрыс тамақтану, майлар, тұз бен жеңіл көмірсуларды азайту
  • Темекі шекпеу және алкогольді шектеу

Неліктен дәрігерге бару маңызды?

Қант диабеті үнемі бақылауды қажет етеді. Емделмеген немесе дұрыс бақыланбайтын диабет ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы:

  • Жүрек-қантамыр аурулары
  • Көздің көру қабілетінің төмендеуі (диабеттік ретинопатия)
  • Бүйрек аурулары (диабеттік нефропатия)
  • Нерв жүйесінің бұзылуы (диабеттік невропатия)

Дәрігерге уақытылы қаралу, оның кеңестерін орындау және алдын алу шаралары асқынулардың алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

Байланыс

Егер сізде қант диабеті туралы күдік болса немесе эндокринологтың кеңесі қажет болса, қабылдауға жазылу үшін 8 (7172) 39-99-99 арқылы хабарласуға немесе біздің сайтта онлайн өтінім қалдыруға болады.