Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы аясында емханамызда әйелдерге арналған ақпараттық семинар ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты – аналардың емшекпен емізудің маңыздылығын терең түсініп, оны дұрыс ұйымдастыруына қолдау көрсету.
Іс-шара барысында төмендегі маңызды тақырыптар қамтылды:
-
Емшекпен емізудің дұрыс әдістері мен техникасы;
-
Сүт бездеріндегі жиі кездесетін мәселелер (лактостаз, емшек ұшының жарылуы және т.б.) және олардан сақтану жолдары;
-
Баланы дұрыс емізу бойынша кезең-кезеңмен көрсетілген алгоритм;
-
Емізу жиілігі мен лактацияның ұзақтығы;
-
Емізуді ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер мен технологиялар.
Сонымен қатар, қатысушыларға мамандардың түсіндірмесімен бейнематериалдар көрсетіліп, теориялық ақпарат нақты мысалдармен бекітілді.