№8 мектеп-лицейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері оқушыларға АИТВ инфекциясы және туберкулездің алдын алу тақырыптарында танымдық дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың таралу қаупі, олардың алдын алу жолдары және дұрыс өмір салтын сақтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат беру.
Дәріс барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның адам денсаулығына әсері және аурудың алдын алу тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар туберкулездің белгілері, оның берілу механизмі, ерте анықтау мен емделудің маңызы туралы мәлімет берілді.



