№8 қалалық емхананың Мектепке дейінгі және мектеп бөлімшесінің педиатр дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерінің қатысуымен №8 мектеп-лицей, №5 гимназия, Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектеп, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда 11-14 жас аралығындағы қыз балалардың ата-аналарына «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау және оның тиімділігі» тақырыбында семинарлар өтті.
Білікті мамандар вакцинацияның маңыздылығын нақты дәлелдермен түсіндірді. Өз кезегінде ата-аналар алаңдатқан сұрақтарын қойып, жауап алды. Тақырып бойынша арнайы бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап елімізде 11-14 жас аралығындағы қыз балаларға жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында Адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу жұмыстары басталды.