Биыл ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, дана ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылып, хәкім Абайдың бай мұрасы кеңінен насихатталуда.
Осы игі бастамадан №8 қалалық емханасының ұжымы да шет қалмады. Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеу, оның өсиеттері мен адамгершілік қағидаларын насихаттау мақсатында емханада танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында қызметкерлер ұлы ақынның өлеңдерін оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, Абайдың рухани мұрасы туралы ой бөлісті.