Абай-ұлттың рухани шамшырағы

Кемеңгер ақын, ойшыл, дана, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, нар тұлға хәкім Абайдың бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтып кеткен әрбір сөзі, әрбір өлең жолдары  маңыздылығын ешуақытта жоғалтпасы хақ. Өйткені оның көтерген тақырыптары  бүгінгі күні де өзекті. Абай халқының ой-санасын оятқан, надандықтан аулак болып, білім-ғылымға ден қоюға , мәдениетке, адамгершілікке, шақырған ұлы ұстаз. Оның шығармалары әлем тілдеріне аударылып, дәріптелуде. Демек, Абайдың көтерген мәселелері, оның ойлары, идеялары күллі адамзат баласына ортақ. Өйткені, ол шынайы адамдық құндылықтар жайлы жазды.  Классик ақынның  жазбаларынан дұрыс өмір сүру ережесін айқын байқауға болады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген жолдар ешқашан мәнін жоймайтын қағида.  Абайдың өсиеттерін ұмытпай, оны күнделікті өмірде қолданар болсақ , қазақ қоғамы мықты, мәдениеті жоғары, болашағы жарқын болары анық. Өзімізді дамытудан, қоғамға пайдалы іспен айналысудан  жалықпайық.