2025 жылғы 21-22 сәуір күндері №8 мектеп-лицейі мен Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-лицейінде оқушыларға арналған ақпараттық дәрістер өтті. Шараны Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері және «Сенім» жастар денсаулық орталығының психолог маманы ұйымдастырды.
Дәрістердің негізгі тақырыбы – адам папиллома вирусы (АПВ) және оған қарсы вакцинация. Медициналық мамандар АПВ-ның таралу жолдары, оның адам денсаулығына тигізетін әсері және аурудың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, вакцинацияның маңыздылығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Психолог маман оқушылармен эмоционалды күйзелісті жеңілдету тәсілдері мен әдістері бойынша жаттығулар өткізіп, психологиялық қолдау көрсетті.