Бүгін №8 қалалық емхана қызметкерлері Ұлы Жеңіс күні қарсаңында тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады. Жас кезінен еңбекке ерте араласқан үлкендеріміз соғыс уақытындағы естеліктерімен бөлісті.
Сабыр Ерғалиұлы Ерғалиев пен Сағила Нұрғалиқызы Есмагамбетоваға құттықтау хат, азық-түлік себеті табыс етілді. Ардагерлеріміз өз тарапынан ақ тілектерін айтып, баталарын берді.
Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын! Ардагерлеріміз аман болсын!