№8 қалалық емхана мамандары тұрғындармен ашық кездесу өткізді

Сауда орталықтарында ұйымдастырылған ақпараттық акция барысында мамандар тұрғындарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі мен еркін тіркелу науқанының ерекшеліктерін түсіндірді.
Кездесу кезінде тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, емхананы дұрыс таңдау жолдары, МӘМС аясындағы қызметтердің артықшылықтары және медициналық көмекті тиімді пайдалану тәсілдері туралы нақты ақпарат алды.