2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (емханаларға) тіркеу науқаны ресми түрде басталды. Бұл кампания 1 қарашаға дейін жалғасады.
Тіркелу науқаны – азаматтарға өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жыл сайынғы маңызды кезең.
Кімдер тіркеле алады?
-
Жеке тұлғалар өзі немесе отбасы мүшелері үшін;
-
Жаңа емханаға көшуге ниетті азаматтар;
-
Жаңа тұрғын үй аудандарына көшіп келген азаматтар;
-
Алғаш рет тіркелетін азаматтар.
Қалай тіркелуге болады?
Тіркелу:
-
egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ (ЭЦП) көмегімен;
-
немесе емхананың өзі арқылы (қағаз түрінде өтінішпен) жүзеге асырылады.
Тіркелу кезінде ескеру қажет:
-
Бір азамат бір ғана емханаға тіркеле алады;
-
Тіркеу кезінде медициналық ұйымның халықты қабылдау қуаттылығы ескеріледі;