1 наурыз — Алғыс айту күні

Құрметті достар, әріптестер!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – өзара сыйластық пен мейірімділікті дәріптейтін, көпұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығын айшықтайтын ерекше күн. Бір-бірімізге шынайы ризашылық білдіріп, жүрекжарды алғыс айту – ынтымақ пен бейбітшілікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Осы орайда, әрбір азаматқа денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті, жүректеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!