Бөлім меңгерушісі- Жүсіпбек Сағираш Жусіпназарқызы,бірінші санат ЖТД бөлім дәрігері.
№2 Отбасылық Денсаулық орталығы-емделушінің қажеттіліктеріне жауап беретін дәлелді медицина негізінде, қолжетімділікті, үздіксіздікті және қауіпсіздік сапалылылығын қамтамасыз етумен халыққа бастапқы медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсетеді. Біздің басты мақсатымыз аурулардың алдын алу, насихаттау және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, халықтың өз денсаулығына саналы қарым-қатынас жасауына тәрбиелеу.
Отбасылық Денсаулық орталығы халыққа амбулаторлық жағдайда, үйде, күндізгі стационарда, үй стационарында төмендегілерді қамти отырып алғашқы медико-санитариялық көмек көрсетеді):
1) пациенттерге дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек, жедел және созылмалы ауруларда, жарақаттар, уланулар немесе басқа кезек күттірмейтін жағдайларда;
2) ауруды ерте анықтау мақсатында емделушілерді тексеру;
3) пациенттерді емдеу;
4) емдеуге жатқызуға мұқтаж тұлғаларды стационарлық емдеу;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 3 тамыз 2010 жылғы №492 «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес емделушілерді ауруханаға жатқызуға жолдау. (№6380 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген);
5) ауруларды қалпына келтіру емі:
6) диспансерлеу және профилактикалық тексеріп-қараулар;
7) осы Ереже қосымшасына сәйкес медициналық қызметтер көлемін көрсету;
8) №786 бұйрыққа сәйкес тіркелген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
9) жұқпалы аурулар ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар;
10) еңбек қабылетінен толық айрылған тұлғаларды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің аумақтық органдарына жолдау, сырқаттардың уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
11) бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпаратты пайдалана отырып халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында аудио-бейнематериал-дарды қою арқылы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
12) шұғыл және дағдарыстық жағдайда өзіне -өзі және өзара көмек дағдыларын қалыптастыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтау, әр түрлі мектептерді ұйымдастыру нәтижесінде кеңестер жүргізумен халықты өз денсаулығына қарауға үйрету;
13) халықты гигиеналық оқыту, оның ішінде отбасын қорғау, ананы, әкелік және балалықты қорғау мәселелері бойынша;
14) халықтың тиімді тамақтануы және қауіпсіз сумен жабдықтау бойынша түсіндірме жұмыстары;
15) иммундауды жүргізу, ұйымдастыру;
16) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес скринингтік және алдын-алу бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
17) № 630 бұйрыққа сәйкес бекітілген халыққа арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;.
№1 ОДО өз құрамында 1/0 учаскеге ие. Әр учаскеде бекітілген адам саны-2 200-2 500.
Бөлімнің жұмыс кестесін бөлім меңгерушісі ай сайын құрастырып тіркеу орыны жанына ілінеді. Күнделікті кестеге өзгерістер бойынша түзетулер жасалады.
№1 ОДО өз қызметінде қалалық емхана Ережесін, осы Ереже және нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- халыққа емханада, үйде білікті медициналық көмек қызметін көрсету
- халық арасында санитарлық-гигиеналық білімдерін насихаттау жолымен алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, алдын алу екпелерін жүргізу, халыққа алдын алу тексерулерін ұйымдастыру және жыл сайынғы диспансеризациялау жүйесін жетілдіру
- аурулар мен өлімді төмендету
Бөлімнің негізгі қызметтері:
- бөлім жұмысының негізіне аймақты -учаскелік үрдіс жатады
- бекітілген халыққа қолжетімді, өз уақытында, заманауи, білікті диагностикалық, емдік, оңалту, кеңестік медициналық көмек көрсету
- шұғыл жәрдем жағдайында жедел медициналық көмек көрсету, портал бойынша емделушілерді ауруханаға жатқызу
- алдын алу сауықтыруына жіберілгендерге іс-шаралар жүргізу
- еңбекке қабылетсіздік ауруларын, сырқаты бойынша мүгедектікті төмендету
- созылмалы сырқат түрімен ауыратындарды, жүрек-қантамыр сырқаттыларды,бронхкеуде жүйесінде және басқа дерттері бар тұлғаларды диспансеризациялау
- созылмалы сырқаты бар науқастарға ТМККК аясында тегін дәрі-дәрмектерге, барлық алғашқы тағайындалған дәрі-дәрмектерге рецептер жазып беру
- мақсатты медициналық тексерулерді сапалы жүргізу
- жұқпалы аурулары бар тұлғаларды дер кезінде анықтап, госпитализациялау, байланысы бар тұлғаларға қадағалау жасау, алдын алу екпелері мен басқа да індетке қарсы іс-шараларды жүргізу
- санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, денсаулық мектептерін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру
- әр учаске бойынша халықтың әлеуметтік құрылымын қарастыру және бекітілген халық санағын жүргізу, тұрғындар бойынша ақпараттық база деректерін құру
- стационар алмастыру көмегін көрсету
- уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және ауруханалық парағын беру, тиісті құжаттарды рәсімдеу және медико-әлеуметтік сараптамаға жолдау
Бөлім құрылымы:
№1 Отбасылық Денсаулық Орталығы №8 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Ересектер корпусының 2-қабатында орналасқан. Кабинеттер-№244, №245, № №246, №247, №145. №248
Бөлім штаттары ДСБ бекіткен штаттық кестеге сәйкес құрылған:
- бөлім меңгерушісі: 1
- бөлімнің аға мейірбикесі : жоғары санат
- учаскелік ЖТД : 8
- учаскелік мейірбикелер : 17
- дәрігерлермен жабдықталуы : 100%
- Дәрігерлер санаты : 89% ( 2015 — 75%)
1 санат — 3 - 2 санат — 2
- санатсыз — 3
- Орта медициналық қызметшілермен жабдықталуы – 100%
- СМР санаттылығы 36% (2015 г. -29%)
жоғары санатты — 3 - 1 санат — 0