«ЖРВИ және тұмау» тақырыбында тәрбиешілер мен балабақша қызметкерлері үшін лекциялар өткізілді

2024 жылғы 29-30 қазан күндері салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері №12 «Қарлығаш», №94 «Сұңқар», №28 «Жұлдыз» және №48 «Ақ көгершін» балабақшаларының тәрбиешілері мен қызметкерлеріне арнап «ЖРВИ және тұмау» тақырыбында маңызды лекциялар өткізді.

Лекция барысында тәрбиешілерге ЖРВИ мен тұмау маусымында балаларды аурудан қорғау үшін қажетті алдын алу шаралары, дұрыс гигиена әдеттерін үйрету жолдары және иммунитетті күшейту әдістері талқыланды.
Мақсатымыз – осал топтарды қорғап, ұжымдық иммунитетті күшейтуге көмектесетін пайдалы ақпаратты бөлісу.

ЖРВИ мен тұмаудан сақтану – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Салауатты қоғамды бірге құрайық!