Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау – қоғамдық денсаулықты қорғаудың маңызды шарты

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары (ЖКО) жаһандық деңгейде адам өлімі мен жарақаттанудың негізгі себептерінің бірі болып отыр. Әсіресе қалалық жерде көлік қозғалысының тығыздығы артқан сайын, тұрғындардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы аса маңызды болып келеді. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын мыңдаған адам жол-көлік оқиғасынан түрлі дене жарақатын алып, емдеу мекемелеріне жүгінеді. Бұл көрсеткіштер жолда жүру мәдениетін арттырудың, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды күшейтудің қажеттілігін дәлелдейді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – тек заңдық талап емес, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты тетігі. ЖКО салдарынан алынған жарақаттар көбінесе ауыр және ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді, ал кейбір жағдайларда мүгедектікке немесе өмірден айырылуға әкеледі.

ЖКО салдарынан туындайтын негізгі медициналық қауіптер:

  • Бас-сүйек ми жарақаттары

  • Омыртқа мен аяқ-қолдың сынықтары

  • Ішкі ағзалардың зақымдануы

  • Қан кету, шок жағдайлары

  • Психологиялық күйзеліс және посттравмалық стресс

  • Ұзақ мерзімді мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары:

  • Жол қозғалысы ережелерін сақтау және үнемі еске салып отыру

  • Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету

  • Қауіпсіздік белдіктерін, балаларға арналған орындықтарды және басқа да қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану

  • Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өзара құрмет көрсетуі

  • Медициналық мекемелер тарапынан халыққа профилактикалық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу

Жолдағы қауіпсіздік – тек жүргізушінің емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Әрқайсымыз жолда мұқият әрі тәртіпті болсақ, денсаулық пен өмірімізді сақтауға үлкен үлес қосамыз.

Есте сақтаңыз: жолдағы қауіпсіздік – сіздің және жақындарыңыздың өмірінің кепілі.