Жастардың денсаулығына көңіл бөлу маңызды!

2025 жылғы 17-21 ақпан аралығында «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары қаламыздағы №8 мектеп-лицей, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия, №5 гимназия және Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, маңызды ақпараттармен бөлісті.

Оқушыларға репродуктивті денсаулық, жеке гигиенаны сақтау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қауіп-қатері туралы түсінік беріліп, жыныстық қолсұғылмаушылық мәселесі де қозғалды.

Арнайы бейнероликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылды.