Жасөспірімдерге арналған дәріс: жеке гигиена және репродуктивті денсаулық

«Сенім» жастар денсаулық орталығының білікті мамандары 12 мектепте оқушыларға арналған ақпараттық-ағартушылық дәрістер өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру және репродуктивті денсаулық туралы дұрыс түсінік беру.

Дәріс барысында мамандар жеке бас гигиенасын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың адам денсаулығына тигізетін оң әсері түсіндірілді. Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.