№8 мектеп-лицейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы оқушыларға “Қызылша – жұқпалы ауру” және “Электронды вейптардың зияны” тақырыптарында дәріс өткізді.
Дәріс барысында балаларға қызылшаның алдын алу жолдары, оның қауіптілігі және вакцинацияның маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, электронды темекі және вейптердің денсаулыққа тигізетін зияны туралы нақты мысалдар келтіріліп, сауықтыру әдеттерін қалыптастырудың маңызды аспектілері баяндалды.




