Емханамызда халық арасында аурулардың алдын алу және дұрыс тамақтану туралы білімді арттыру мақсатында «Витаминдер және денсаулықты сақтаудағы олардың рөлі: әр адам білуі тиіс маңызды ақпарат» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға емханаға жүгінген тұрғындар мен профилактикалық тексеруден өтушілер қатысты.
Түсіндіру барысында медицина қызметкерлері келесі мәселелерге назар аударды:
-
витаминдердің ағзадағы негізгі қызметтері;
-
дәрумен тапшылығының белгілері және оның алдын алу жолдары;
-
маусымдық гиповитаминоздың ерекшеліктері;
-
теңгерімді тамақтану және витаминдерге бай тағамдарды тұтыну;
-
витаминдік қоспаларды қауіпсіз қолдану жөніндегі ұсыныстар.
Мамандар тұрғындарға күнделікті өмірде денсаулықты қолдаудың тиімді тәсілдерін түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге иммунитетті нығайтуға, дұрыс тамақтануға және салауатты өмір салтын ұстануға қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды.



