Туберкулездің алдын алу айлығы аясында «Central Market», «Big Шанхай» және «Орда базар» сауда орталықтарында тұрғындарды тегін флюорографиялық тексеруден өткізу мақсатында Флюкар рентгендік флюорографиялық жылжымалы сандық КРФ-112 кешені қойылды. Сонымен қатар, емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары мен еріктілер азаматтарға аурудың алдын алу, ерте анықтау және оның қауіптілігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.