2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес шараларына арналған айлық өткізіледі. Аталған іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамалары аясында ұйымдастырылып, халықтың туберкулез туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, аурудың алдын алу және ерте анықтау шараларын күшейтуге бағытталған.
Айлық шеңберінде:
- туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
- профилактикалық тексерулер;
- ашық есік күндері;
- мамандардың кеңестері ұйымдастырылады.
Туберкулез – уақтылы анықталған жағдайда толық емделетін жұқпалы ауру. Осыған байланысты барша тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырамыз.



