Тредмил-тест — жүректің жұмысын, оның ритмін және артериялық қысымын дене жүктемесі кезінде бағалауға арналған диагностикалық әдіс.
Бұл зерттеу жүректің ишемиялық ауруына, стенокардияға күдік болған жағдайда, сондай-ақ инфаркт, стенттеу немесе шунттау процедураларынан кейін ерекше маңызды. Тексеру дәрігердің қатаң бақылауымен, үздіксіз ЭКГ және артериялық қысым мониторингі арқылы жүргізіледі. Нәтижелері 10–20 минут ішінде дайын болады.
Тредмил-тестті өтуге көрсетілімдер:
- жүрек тұсындағы ауырсыну немесе жайсыздық;
- дене жүктемесі кезінде ентігу және тез шаршау;
- артериялық қысымның құбылуы;
- жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалау;
- қауіпсіз дене белсенділігінің деңгейін анықтау.
«№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК пациенттерді тредмил-тесттен өтуге және кәсіби, дәл диагностика алуға шақырады.
Жүрегіңізге қамқор болыңыз — тексерілуге бүгін-ақ жазылыңыз.



