Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүкті әйелдерге жүктілік және босануға байланысты кең ауқымды медициналық қызметтер ұсынады. Ол үшін сақтандырылған болу қажет.
Астана қаласындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы әрбір болашақ анаға пайдалы болатын толық ескертпе дайындады.
Жүкті әйел сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?
МӘМС жүйесінде мәртебе соңғы 12 ай ішінде ай сайынғы төлемдер болған жағдайда және осы кезең ішінде қарыздың болмауы арқылы беріледі немесе алдағы жылға алдын ала төлем жасағанда беріледі.
Алайда ресми жұмыс істемейтін, кәсіпкерлігі жоқ жүкті әйелдер халықтың 15 жеңілдікті санатының бірі ретінде МӘМС жарналарынан босатылады. Олардың жарналарын мемлекет ай сайын төлейді, ал мәртебе жүктілікке есепке тұрғаннан кейін «автоматты түрде» беріледі. Мәртебе берілмес бұрын жүйе жұмыс істемейтін мәртебені растау үшін алдыңғы екі айдағы зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуын тексереді.
Жұмыс істейтін жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде декреттік демалысқа ресми шыққанға дейін жұмыс берушілерінің ай сайынғы аударымдары мен жарналары есебінен сақтандырылады. Содан кейін олар автоматты түрде «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына ауысады және жеңілдік мәртебесі беріледі.
Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелген жүкті әйелдер салық агенттері ретінде МӘМС-ке жарналарды өздері тұрақты түрде төлеуге міндетті. Тіпті «нөлдік декларация» болғанда және ресми жұмыс орны болған жағдайда да.
Егер ЖК жұмыс істемесе және табыс әкелмесе, оның әрекетін ресми түрде тоқтатып, жұмыс істемейтін жүкті әйел ретінде жеңілдік мәртебесін алуға болады.