Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы жанындағы «Күншуақ» жазғы лагерінде балаларға арналған ақпараттық дәріс өткізді.
«Салауатты өмір салтын ұстан! Ауыз қуысының тазалығы» тақырыбындағы кездесуде балаларға дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, соның ішінде тіс күтімінің маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.