Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Емханамыздың дәрігер-педиатры Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясынан кейін, №8 мектеп-лицей жанындағы жазғы лагерьде де балалармен кездесу өткізіп,
«Салауатты өмір салтын ұстан! Ауыз қуысының саулығы» тақырыбында танымдық дәріс оқыды.
Кездесу барысында балаларға тіс пен ауыз қуысының саулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану мен күн тәртібін ұстану туралы пайдалы ақпарат берілді. Балалар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайлы да кеңінен мағлұмат алды.
Тіс саулығы — жалпы денсаулықтың негізі!
Жарияланған күні: 16.06.2025
