«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік

2025 жылғы 12 сәуірде емханамызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, аумақты тазарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Сенбілікке емхана қызметкерлері белсене қатысты. Емхана аумағы тазартылып, қоқыс жиналды, ретсіз заттар шығарылды. Бұл игі іс ұжым мүшелерінің бірлігін нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыра түсті.

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің табиғатын қорғауға бағытталған маңызды бастама. Емхана ұжымы осындай іс-шараларға тұрақты түрде атсалысып, экологиялық тұрақтылықты қолдауға әрдайым дайын.

Біз таза әрі қауіпсіз Қазақстан үшін біргеміз!