Жаһандық проблемалардың бірі саналатын туберкулез ауруының себептері, белгілері, оның алдын алу жайында “Жан дауа” бағдарламасында біздің емхананың дәрігері Жанерке Берікбайқызы айтып берді. Дәрігер туберкулездің адамнан адамға ауа арқылы таралатынын айтты.
“Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті”,-дейді ол.
Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін. Сондай-ақ туберкулез ауруына ықпал ететін факторлармен бөлісті.
Олар:
- Толыққанды тамақтанудың болмауы.
- Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).
- Алкогольді ішімдік пен темекіні шектен тыс тұтыну.
- Тиімді дем алмау.
- Нашақорлық.
- Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).
“Адамдардың көбі өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтыруы мүмкін, бірақ барлық адамдарда туберкулездің даму қаупі жоқ. Жұқтырудың нәтижесі мен ауыру негізінен ағзаның төзімділігі мен оның қарсыласу қабілетіне байланысты. Ал ағза төзімді болуы үшін аурудың алдын алу мен денсаулықты сақтау жөніндегі басты ұсыныстарды сақтау маңызды”, — деді СӨС дәрігері.
- Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы — күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.
- Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақытылы ұйқы, яғни дұрыс тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.
- Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.
- Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану және т.б.
- Жөтел этикетін сақтау.
- Дұрыс тамақтану. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар — қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.