Сүт безі обыры — әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі

Ерте диагностика — сүт безі обырын анықтаудың маңызды тәсілі. Уақытында тексеруден өту арқылы ауруды ерте кезеңдерінде анықтап, емдеудің тиімділігін арттыруға болады. Сіз көмекке қаншалықты ерте жүгінсеңіз, сәтті емделу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Осыған орай, 8-ші қалалық емханада ашық есік күні ұйымдастырылды. Тәжірибелі онкомаммолог Жуков Ю. В. барлық келушілерді тексеріп, кеңес берді.