Құрметті отандастар!

Сіздерді еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алдыңғы Ата Заң 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Барша қазақстандықтарға осынау мереке күні амандық, толағай табыс пен сәттілік тілейміз.
Құрметпен, Астана қаласының №8 қалалық емханасы.