РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

«Сенім» жастар денсаулық орталығында Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Ашық есік күні өтті. Бұл шара тұрғындарға денсаулығына көңіл бөліп, арнайы мамандардан тегін кеңес алуға және тексерілуден өтуге тамаша мүмкіндік берді.

Шараның мақсаты — репродуктивті денсаулықтың маңыздылығына назар аударып, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Ашық есік күні аясында:

Гинеколог, терапевт, уролог сынды мамандар тегін қабылдау жүргізді.

Әрбір келген азаматқа жеке кеңес берілді және ақпараттық үнпарақтар таратылды.