Қазан айында емханамыздың психологтары Реабилитация бөлімінің және №1 отбасылық денсаулық орталығының қызметкерлеріне арналған бірқатар тренингтер ұйымдастырды.
Тренингтердің мақсаты – медицина қызметкерлерінің эмоциялық тұрақтылығын арттыру, кәсіби күйзеліске қарсы тұру қабілетін дамыту, сондай-ақ командалық қарым-қатынасты нығайту болды.
Шара барысында қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, өзара пікір алмасты. Психологтар стрессті басқару, тиімді коммуникация және жұмыс орнындағы психологиялық жайлылықты сақтау тәсілдері туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.




