ҚР Президентінің Жолдауына пікір

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның нақты жүйелі жаңғыру шаралары бағдарламаларынан тұратындықтан мінсіз.

Президент Жолдауында ұсынылған елдің дамуының басты бағыты Қазақстанның қазіргі әлем көшбасшыларының қатарына кіру үшін қажетті цифрландыру, барлық салаларға цифрлық технологияларды енгізу болып табылады.
Президент Жолдауы елге зор мүмкіндік беретін барлық экономика және әлеуметтік салалардың алдына 10 басты міндетті қойып отыр.

Құрылысқа мен коммуналдық секторға заманауи технологияларды белсенді енгізу, білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, сапалы жұмыспен қамтуды қамсыздандыру – азаматтарымыздың өмірінің деңгейін сөзсіз көтереді.
Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартуы, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі бағдарлама  қажет.  Нақты практикалық істердің бұл бағдарламасы, сөзсіз, барлық қазақстандықтарға, бірінші кезекте, медицина қызметкерлеріне қажет екендігін емдеу-профилактикалық жұмыстардың бас дәрігерінің орынбасары Л.П.Броска өз баяндамасында  атап өтті. Іс-шараға емхананың барлық  қызметкерлері қатысты. Ол республикада халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, аурулардың алдын алу және олардың денсаулығын нығайтудың қолжетімді және тиімді механизмдерін құру мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды деп атап өтті.
Еліміздің Президенті халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін атап айтты. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.

 

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет. Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.
Сонымен қатар, Президент денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін атап айтты. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.
Сонымен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың осы Жолдауы елді әрі қарай жаңғыртудың маңызды тетігі болып табылады.