НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІ

26 МАУСЫМ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
🔹Есірткіні әйтеуір бір татып көрген адамдар мұны мына себептермен жасаған:
— қызығушылықпен;
— ләззат алу үшін;
— босаңсу үшін (шынайы өмірді қабылдағысы келмегенде);
— жаңа сезімдерді бастан кешіру үшін.
📌Бұдан не «ұтасыз»:
— ішкі мүшелер, жүйке жүйесі, бас миы зақымдалады;
— әртүрлі психикалық ауытқулар пайда болады, тұлғалық құлдырау басталады;
— өлім көптеп кездеседі, көбінесе, жастар арасында инфарктан, дозаны шамадан тыс қолданғаннан — бауыр жетіспеушілігі, лас шприцтерді қолданған кезде қанның бұзылуынан — тамырдың тромбозы, ЖҚТБ және В вирустық гепатитінен болған өлім;
— мұңға шомып, өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары;
— ал бұлардың жалғасы көп…
Тәуелділік дегеніміз не?
• Есірткіні қолдануға деген күшті және тоқтаусыз тілек;
• Алдыңғы әсерге жету үшін дозаны көбейтудің тұрақты қажеттілігі;
• Қоршаған өмірге деген қызығушылықтың біртіндеп төмендеуі (жеке мүдделер, мектеп өмірі, отбасы, достар);
• Кері әсерге қарамастан заттарды қолданудан бас тартпау;
• Есірткі болмаған кезде психикалық және физикалық ыңғайсыздықтың пайда болуы;
• Дозаны және тұтынуға байланысты жағдайды бақылау қабілетінің жоғалуы.