Емханамызда қалалық наркология және психотерапия орталығының наркологы Қойшыбаев Тоқтар Төлеуханұлы емхана қызметкерлеріне арналған маңызды дәріс өткізді. Дәріс тақырыптары – есірткі заттарын қолданудың зияны, олардың ағзаға және психикаға әсері, лудомания (құмар ойынға тәуелділік), сондай-ақ алкоголь мен никотинге тәуелділіктің алдын алу жолдары болды.
Тоқтар Төлеуханұлы күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, қатысушыларға нақты мысалдар арқылы әсерлі ақпарат ұсынды. Дәріс қызықты өтті, қызметкерлер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.