4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Осы мерекеге орай Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 8 қалалық емхана» МКК-да «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым» атты флешмоб ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері мен медициналық мекемеге келушілердің патриоттық рухын көтеру мақсатында өткен шараға елуге жуық адам қатысты. Олар музыкалық сүйемелдеумен жанды дауыста әнұран шырқап көпшілікті тәнті етті.
Көк байрақ, Әнұран, Елтаңба әрбір жанның жүрегіне мақтаныш ұялататын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілгін арттыратын ең құнды дүниелер. 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде бекітілген Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігімізді ақсақтатып, дербестігімізді әлемге танытатын ұлттың айшықты таңбасы.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын!
Мемелкеттік рәміздер–ұлттық мақтанышым!
Жарияланған күні: 04.06.2023