Емханамызда медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында жаңа заңнаманың негізгі нормалары түсіндіріліп, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметтік міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін құқықтық мәселелердің алдын алу жолдары айтылды.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне агрессияның түрлері, оның пайда болу себептері және агрессиялық жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау, сабыр сақтау және тиімді жауап беру тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандарға конфликтілік жағдайлардың алдын алу, пациенттермен және олардың туыстарымен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары жөнінде ұсыныстар берілді.




